«Бір ел – бір кітап»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Бозтал ауылдық кітапханасында Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Бір дәуірдің екі дауысы» атты танымдық сағат өтті. Бұл шара «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, әдебиетсүйер қауымды ұлы жазушылардың шығармашылық әлемімен таныстырды.

    Кітапханашы алдымен екі тұлғаның өмір жолдары мен шығармашылық мұраларына қысқаша шолу жасап, олардың қазақ әдебиетінде алатын айрықша орны мен зор маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары ұсынылды.

   Бұдан бөлек, әдеби талқылаулар мен сұрақ-жауап айдары өткізіліп, қатысушыларға ұлы жазушылардың шығармаларын тереңірек зерттеп, олардың шығармашылық мұрасын кеңінен түсінуге мүмкіндік жасалды.

 

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/969089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version