Департамент білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша білім беру бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 сәуірде Департамент білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша білім беру бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді.
Күн тәртібінде мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, 4 және 9-сынып оқушыларын кешенді тестілеу, қайта мемлекеттік аттестаттау рәсімін дайындау және өткізу, 1-сыныпқа қабылдау, педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері қаралды.
Семинар барысында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері, тәртібі, сондай-ақ қайта аттестаттаудан өтпеу салдары мәселелері көтерілді. Негізгі мәселе ұсынылатын білім беру сапасының тақырыбына, білім алушылардың білімін бағалауға, сондай-ақ өңірдегі резонанстық фактілер мәселелеріне қатысты болды.
Кеңес қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/968174?lang=kk

Exit mobile version