Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев облыстық маслихат депутаты Дулат Әбішпен бірге аудандағы бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.
Бірінші болып Күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай балуан бабамыздың зиратының іргесінен аудан тұрғындары мен спортсүйер қауымның ұсыныс-тілектері негізінде бой көтеріп жатқан мемориалдық кешенге барды. Онда қонақ үй және спорт ғимаратында жасалып жатқан ішкі әрлеу және кешен аумағындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Онан соң, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Найман суарнасына ат ізін салды. Бұл нысанда қазіргі таңда жобаға сәйкес каналдың 15,1 шақырымы бетондалып, су беру маусымына дейін қалған 2,7 шақырымды бетондауды аяқтау жоспарлануда.
Келесі кезекте, Темірлан елді мекеніндегі Темірлан мектебінде салынып жатқан жабық қаңқалы спорт алаңшасына барды. Бұл жерде қазіргі уақытта спорт алаңшасының брезенттік тенті дайындалып, айналасында жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары басталуда.
Одан кейін аудан орталығының кіре берісіндегі құрылысы жүріп жатқан спорт алаңына табан тіреді.
Нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарына жауапты аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім басшысы және құрылыс жүргізуші мердігерлермен бірге жұмыстардың атқарылған бөлігі мен алдағы жоспары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/967616?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау