Душанбе, 2025 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің директоры Хуршед Мирзомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллектті пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу, FinTech саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
У.Төреханов тәжік тарапына Қазақстанда өткізілетін цифрландыру саласындағы іс-шараларға, оның ішінде 2025 жылғы ақпанда Алматы қаласында өткен «Digital Almaty 2025: Industrial AI: technologies for a new Era» халықаралық форумына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Х.Мирзо Қазақстанның озық IT-мектептерінде тәжік мамандарын оқыту саласындағы тараптардың өзара іс-қимылына оң баға берді, сондай-ақ Душанбедегі алғашқы IT-парктің ресми ашылу салтанатына шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/969637?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау