2025 жылғы 31 наурызда жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысты әкімнің орынбасары, комиссия төрағасы Е. Жумагулов өткізді. Отырыс барысында 4 маңызды мәселе қаралды, оның ішінде:
1. Жалпы білім беретін мектептердің директорлары қала мектептеріндегі қауіпсіздік туралы. баяндады.
2.Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Г. Котова терроризм, экстремизм идеологиясының таралуына, жасөспірімдер мен жастардың деструктивті секталар мен қылмыстық субмәдениеттерге тартылуына жол бермеу жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы баяндады.
Комиссия мүшелері мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, бұл алдағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті шешімдерді қабылдауға ықпал етті.
Отырыс соңында комиссия төрағасы білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру жұмысын орындауға және жақсартуға жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.
#комиссия #кәмелетке толмағандар #құқықты қорғау # мектептердегі қауіпсіздік #білім
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/967914?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау