КЕНТАУЛЫҚ ЖАС ПАЛУАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласында самбо күресінен 2009-2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысы құрамасының намысын қорғаған жерлесіміз боз кілем төрінде тартысты белдесулер көрсетіп, нәтижесінде 46 келі салмақта жарыс жеңімпазы атанды.

Шохан Уалихан Кентау Спорт клубының спортшысы. Жаттықтырушылары Б.Тасболат, С.Аргинбаев, Қ.Аргимбаев. Ол 2009 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 2019 жылы 4 сыныптан бастап күреспен шұғылданған. Қазіргі таңда Ы.Алтынсарин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушысы.

Жерлестері жас палуанның болашақта әлем чемпионатында қаланың ғана емес, елдің мәртебесін көтеруде жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/967766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version