Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы инвестор Абдусамат Асановты қабылдап, жоба-жоспарын талқылады.
Кәсіпкер құны 800 млн теңгені құрайтын 5000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын Айшабибі ауылы маңынан салуды көздеп отырғанын, бүгінде құрылыс жүргізуге 3 гектар жер қажеттігін аудан басшысына жеткізді.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы инвестиция тартуға ынта білдірген кез келген азаматқа қолдау көрсетуге әзір екендігін айтып, жауапты бөлім басшыларына бос жерлерді ұсыну бойынша тапсырмалар жүктеді.
Инвестор бүгінде қажетті құрылғыларға тапсырыс беруге жұмыс жүргізгенін, жыл соңына дейін жоба аяқталатынын атап өтті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/967166?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау