2025 жылғы 4 сәуірде Көкпекті аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өткізілді, сессияға 10 депутаттан 8 депутат қатысты.
2025 жылғы 30 наурызда № 10 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына Көкпекті аудандық мәслихатының сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша сессия басталар алдында сөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Е. Оразхановқа берілді. Жаңадан сайланған депутат А.А. Каусоваға аудандық мәслихат депутатының куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді.
Аудандық мәслихат төрағасы сайланған депутатты құттықтады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес бүгінгі сессия жұмысына аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Бүгінгі сессия жұмысына Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі – Саденова Гүлжан Сапарбекқызы Zoom қосымшасы арқылы қатысты.
Сессияда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
- 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту.
Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы– Қөкпекті ауданының әкімі.
- 2024 жылғы Көкпекті ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есеп.
Ауылдық округ әкімдері.
- 2024 жылғы Көкпекті ауданы бюджетінің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органның жылдық есебіне Абай облысы тексеру комиссиясының есебін (қорытындысын) бекіту туралы.
Саденова Гүлжан Сапарбекқызы – Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мұшесі.
- Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпараты.
Кабдилов Денис Еркенович – сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
5.Әртүрлі:
1) Көкпекті ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
2) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-6 «Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-4 «Сегізінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 12-5/8 «Көкпекті ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6) Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 12-5/4 «Көкпекті ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokpektimaslikhat/press/news/details/969960?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау