Көктемгі сенбілік
Қаратөбеде көктемгі еріген қар суының алдын алу мақсатында сенбілік өтті.
Сенбілікке барлығы 100-ден астам ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлері қатысып, аудан орталығындағы, Шөптікөл және Темір ауылдарындағы 60 шақты су өткізгіш құбырларды тазартты.
Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында көктемгі еріген қар суы ағысының жолдарын қардан тазарту, арнайы техникамен су жүретін арналарды жыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікте ауыр жүк көліктері көше қарларын аршып арнайы орындарға апару жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/967740?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау