“АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ”
2025 жылдың сәуір айының 1-і күні – @koksu.zhanashyry парақшасының иесі Бағлан Ерғали мен «Koksu jastary» филиалының ұйымдастыруымен Алаш зиялыларының көсемі атанған Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін дәріптеу мақсатында “Адамдық борышың» атты 7-9 сынып оқушылар арасында Шәкәрім оқуларынан аудандық жас таланттар байқауы өтті.
Әділ қазылар алқалары болып Шұғайып Ақынұлы ақын, Мұратхан Мұқашұлы облыстық «Жетісу» телеарнасының тілшісі, Шынаргүл Оңашбай журналист, «Болмыс» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Молдағалиев Ерхан Болатұлы ақын сайланды.
Алаштанушы, ғалым Елдос Тоқтарбай және Жетісу облысы, Көксу ауданының кәсіпкері, “KRM group” компаниясының жетекшісі Кәрім Олжас Смағалиұлы кеш қонағы ретінде сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдіріп, байқау жалғасын табатынын айтты.Байқау екі кезеңнен тұрды. Бақ сынасып, үздіктер алға шықты.
Байқау қорытындысы;
І орын – Таңжарықұлы Арафат
ІІ орын-Қайролда Айзере
III орын – Дүйсен Ақпейіл
Жүлдері орын иелері қаржылай сыйлық пен марапатқа ие болса, қатысып бақ сынасқан қатысушылар Бесқайнар орта мектеп оқушылары алғыс хатқа ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/967474?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау