Бүгін Жалағаш ауылдық округінде
,, Мәдениет және салт-дәстүр,,күніне орай шара өтті.
Шараға Жалағаш ауылдық округінің Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Мәдениет үйі, ,,Үш Меркі,, әжелер ансамблінің әжелері сонымен бірге С.Бейсенбетұлы атындағы орта мектебінің оқушылары,ұстаздары, балабақша тәрбиешісі,бүлдіршіндері қатысты.
Шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұлттық құндылықпен бірге ұлттық ойындарды дәріптеу.
Өз ұлтының салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Шара тұсау кесу, бесікке салу,жүн сабау,көрпеге жүн тарту ,ұршық иіруді балаларға әжелер көрсете отырып,насихаттап түсіндірді.
Шара ұлттық ойындар арқан тарту,қол күресі,бес тас ойындарымен жалғасып,бүлдіршіндер мен әжелер әнімен жалғасын тапты.
Дастархан жайылып,Наурызкөжеден дәм татты.
Ұлтымыздың құндылығын ұлықтай берейік!
Наурыз мейрамы құтты болсын!л
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969135?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау