Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 сәуірде Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Денисов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшелерінің орнына сайлау туралы.

2. Учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткеннің орнына мүшесін сайлау туралы.

3. Мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы № 15 «Денисов ауданы әкімдігі жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Денисов ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

5. Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

Аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы, сондай-ақ Денисов ауданы әкімдігі жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәслихат төрағасы В.В. Шерер тыңдалды.

«Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.А. Дюсебаев Денисов ауданы бойынша жайылымдарды басқарудың 2025-2029 жылға арналған жоспарын бекіту және Денисов ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту мәселелері бойынша тыңдалды.

Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/968592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version