Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Бюроның байланыс орталығына барып, оның қызметкерлерін 2 жылдығымен құттықтады.
2023 жылы іске қосылған сәттен бастап байланыс орталығы респонденттер мен пайдаланушылар үшін статистика мәселелері бойынша кеңес беретін маңызды ресурсқа айналды. Байланыс орталығының операторлары бюро сайтында мәліметтер іздеуге, статистикалық нысандарды толтыруға және есептерді тапсыру кезінде техникалық қолдау көрсетуге көмектеседі.
Бюро басшысы ұжымға алғысын айтып, олардың халыққа дәйекті статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
«Аз ғана уақыт ішінде байланыс орталығы жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып, азаматтарға дәл және қолжетімді статистикалық ақпаратты қамтамасыз етудегі маңызды буынға айналды. Сіздер статистикалық мәліметтермен оңай танысып, кез келген сұрақтарды шешуге көмектесіп, маңызды миссияны орындап жатырсыздар. Сіздерге одан әрі да жетістіктерге жетіп, өркендеп, табысты бола беруіңізді тілеймін!», – деді М.Тұрлыбаев.
Айта кетейік, екі жылда 167 293 өтініш өңделді. Операторлар азаматтарға 1446 қысқа нөмірі мен бюро сайтындағы онлайн-консультант арқылы, сондай-ақ Telegram-дағы statgovkz_bot арқылы түскен өтініштерге жауап береді. Сұрақтардың 95% алғашқы өтініш бойынша шешіледі, қалғандары үшінші деңгейдегі қолдау қызметіне жіберіледі.
Байланыс орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін кеңес береді. 1446 қысқа нөміріне қоңырау шалу тегін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/969148?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау