«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 20 қараша күні облыстық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өткізілді.

Байқаудың  мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, қызметте мемлекеттік тілді қолдануға және мәдениетті сөйлеуге ынтасын арттыру, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Таныстырылым. Аталған бөлімде қатысушы үміткер өзін ауызша (немесе өлең түрінде) таныстырып, тіл білу шеберлігін көрсету.

2) «Елтаным». Қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, ашылған тақырыпта (Қазақстан тарихы және оның көрнекті тұлғалары, Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлері, маңызды даталар және т.б.) мемлекеттік тілде ой толғау.

3) «Сөзтаным»  – қатысушы экранда ұсынылған жағдаяттан (кейс) шығу жолдарын баяндау.

4) «Өнер сайысы» – Белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп өлең немесе прозалық шығармалардан үзінді оқу.

         Байқау қорытынды бойынша:

         1-орын – Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Даулетова Гүлмарал;

         2-орын – Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Анесова Ляззат және Бөрлі ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Құмарғали Ернұр;

         3-орын – Ақжайық ауданы, Алғабас ауылдық округінің әкімі Есқалиев Рысбек, Сырым ауданы, Елтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ерниязова Маншүк және Сырым ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Илашева Перизат иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-madeniet/press/news/details/969150?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version