Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша жоспарлы қабылдау барысында «Самал» балаларды оңалту орталығында ем алатын балалардың ата-аналарымен кездесті.

Аймақ басшысы жергілікті биліктің ұстанымын нақты түсіндірді: орталықтың жабылуы туралы сөз жоқ.
– «Самал» орналасқан ғимараттар немесе оларға тиісті аумақтар өзге мақсаттарға пайдаланылмайды: ғимарат балаларды оңалту бағытындағы өзінің қызметін жалғастыра береді, – деді Асайын Қуандықұлы.
Алайда, орталықтың ғимараты жөндеуді талап етеді. Қимыл-қозғалысы күрделі балалар үшін лифт орнату қажет, есіктерін кеңейтіп, басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осы жөндеу жұмыстары жүргізілмесе «Самал» орталығының ғимараттарында әлеуметтік қызметтер көрсету мүмкін емес.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап өзгерген заңнаманың талаптарына сәйкес орталық лицензиясыз жұмыс істей алмайды. Бұған дейін «Самал» орталығының әкімшілігіне ең төменгі штаттық норматив пен материалдық-техникалық жарақтандыруды сәйкестендіре отырып, лицензияны ресімдеу қажет екендігі бірнеше рет хабарланған болатын.

Облыс басшылығы орталықтың барлық ем алушылары ғимаратты реконструкциялау кезінде басқа оңалту мекемелерінен орын алуын қадағалайды. Ата-аналарға Павлодар әкімімен және жергілікті әлеуметтік қорғау органдарымен кездесу барысында берілген барлық уәделер орындалады – өңір басшысы мұны жеке өзі қадағалайтын болады.

Естеріңізге саламыз, облыс әкімінің жеке қабылдауына e-Gov, E-otinish.kz порталдары немесе облыс әкімдігінің WhatsApp +77021661661 желісі арқылы жазыла алады.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/968462?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version