2025 жылғы 1 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А.Күжиев «Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барды.
Сапар барысында қызмет алушылардың тұру және қызмет көрсету жағдайларымен танысты. Әкімшілік ғимараттың жағдайына ерекше назар аударылып, оның жөндеуді және жаңартуды қажет ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері мен қамқорлық алушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі де айтылды.
Сапар қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/967349?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау