Қаратал ауылдық округінде Ұлы Отан соғысы ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратал ауылдық округінде Ұлы Отан соғысы ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіш 1985 жылдың қыркүйегінде орнатылды. Ол Қаратал ауылының орталығында Алмабал Жетпісбайқызы көшесінің бойында орналасқан. Жеңіс күні – 9 Мамыр жыл сайын ескерткішке гүл шоқтары қойылады, онда әр ұрпақтың ауыл тұрғындары Отаны үшін өз өмірін қиған жерлестерімізді құрметтеу үшін жиналады, сондықтан Ұлы Отан соғысының ескерткіші өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін тәрбиелейтін объект болып табылады. Ескерткішті қайта құрудың негізгі мақсаты-Ұлы Отан соғысына қатысқан қаза тапқан жауынгерлерді еске алатын мемориалдық құрылыстарды сақтау. Тарихи өткенге деген құрмет сезімін, өз тамырына, аға буын адамдарына, Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/967849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version