Қазан, 2025 жылғы 3 сәуір – Қазандағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен Татарстан халықтары Ассамблеясының қолдауымен Халықтар достығы үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісімнің 30 жылдығы – Болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, РФ СІМ-нің Қазандағы өкілдігінің басшысы Радик Вахитов, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің депутаты, Татарстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің Атқарушы комитетінің басшысы Ренат Валиуллин, «Татарстан халықтары достығы үйінің» директоры Тимур Кадыров, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Айнур Темирханов, қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының жастар қанатының төрайымы Рената Исмурзаева құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Ресейдегі азаматтық қоғамның даму моделінің ұқсастығын атап өтті, онда Ассамблея барлық этностардың мүдделерін бекіткен жалпыхалықтық бірлік институты болып табылады, қоғамды шоғырландыруға, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және дамытуға жәрдемдеседі.
Қазақстанда түрлі этностар мен мәдениеттер өкілдері өмір сүруде және олардың өзара құрметі, ынтымағы мен ортақ игілікке ұмтылуы – республика халқын біріктіретін нағыз құндылық. Өз тарихының отыз жылында Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңесші органнан парламенттік өкілдік құқығы бар конституциялық институтқа айналды. Ассамблея қоғамдық келісімнің өзіндік моделін іске асырды, соның арқасында елдегі бейбітшілік пен бірлікті сақтауға қол жеткізілді және елдің табысты болашағы мен мемлекеттілікті нығайтудың берік іргетасы болып табылады.
Мерейтойлық датаға орай қазақтардың ҰМА жастар қанаты жыл бойы жүзеге асырылатын «30 игі іс» челенджін өткізуді ұсынды.
Қонақтарға қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, музыкалық шығармалар орындалды.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ дипломатиялық және іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/969390?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау