Қосшы қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында облыстық экологиялық сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс – шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Іс-шараға азаматтық сектор өкілдері, «Аманат» партиясы, қалалық мәслихат депуттатары, жастар-ресурстық орталығы, белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлері мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы – біздің қаламыздың, еліміздің және табиғатымыздың тазалығы үшін маңызды қадам. Мен, Қосшы қаласының тұрғыны ретінде, осы акцияға қолдау білдіремін және барлық қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамын. Біздің көшелеріміз, аулаларымыз, саябақтарымыз таза болса, өмір сүру сапасы да артады. Әрқайсымыз экологиялық шараларға белсене қатыссақ, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз. Қоршаған ортамыз – өз қолымызда! Сондықтан табиғатты бірге қорғайық, туған қаламызды көркейтуге бірлесе үлес қосайық!» – деп Қосшы қаласының белсенді тұрғыны, қалалық мәслихаттың депутаты Осипова Ирина өз пікірін айтып, акцияға қолдау білдірді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қосшы қаласында таза бейсенбіліктер мен сенбіліктер жоспарланған. Тарихи-мәдени ескерткіштердің, аллеялардың аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, Сарқырама өзенінің аумағын қоқыстан тазарту, балалар алаңы абаттандыру көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/968008?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version