Қабылдау аясында дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралып, оған спорт федерациялары мен ұйымдардың өкілдері, сала ардагерлері қатысты.
Кездесу американдық футбол федерациясының өкілдерімен басталды. Бұл спорт түрінің даму қарқыны, командаларды күшейту және өңірлерде филиалдар ашу бойынша мәселелер талқыланды. Басты бағыттың бірі – футболдың танымалдығы және мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі атап өтілді. Халықаралық американдық футбол федерациясы (IFAF) ұсынған 8-де 8 форматына көшу, АЧ-2025 турнирін өткізу мүмкіндігі талқыланды.
Американдық футбол елімізде әлеуеті бар cпорт түрі ретінде қарастырылады. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басымдыққа сай дамыту бойынша өңірлердегі жұмысты күшейту және балалар мен жасөспірімдер бағытына назар аудару ұсынылды.
Күрес түрлерін дамыту бойынша да материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттықтырушылар мен спортшыларды қолдау, жақын шетелдерде біліктілікті арттыру, Астанада орталық құру бойынша ұсыныстар тыңдалып, бақылауға алынды.
Кәсіпқой бокс федерациясымен орталық Азиядағы бокс Академиясы үшін бірінші спорттық база құру мәселесі талқыланды. Жаттығу залдары, бассейн және кемінде төрт рингтен тұратын заманауи спорт кешенін Астанадан салу үшін жер учаскесін таңдау мәселесі қаралды.
Бұдан бөлек, халықты жаппай спортпен шұғылдануға жұмылдыру үшін цифрлық сервисті іске қосу бойынша бастама ұсынылды.
Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен спорттық іс-шаралар өткізу де ұсынылды.
Қазақстанда талантты боксшылар көп, бірақ барлығының бірдей мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Спортқа шын жанашыр және тәжірибесімен бөлісуге дайын адамдардың бастама көтеруі өте маңызды. Бұл отандық бокстың болашағына деген сенімділікті оятады.
Барлық ұсыныстар алдағы атқарылар жұмыста ескеріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/969345?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау