Сарайшық ауданында жаңадан ашылған «Жайлы мектеп» балаларды бірінші сыныпқа қабылдай бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық Сарайшық ауданында жақында №113 жаңа «Жайлы мектеп» ашылды. Қазір білім беру мекемесінде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінің 2025-2026 оқу жылына қабылданатын бірінші сынып комплектісінің жоспарға сай толуына байланысты, аталған мектептен бөлек келесі білім ордалары бірінші сыныпқа құжаттар қабылдайды: № 72, №73,№ 74,№83, №86,№ 93.

Сондай-ақ, жаңадан ашылған №113 «Жайлы мектеп» балалардың құжатын бірінші сыныпқа қабылдап жатыр.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/968002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version