Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті алқалы басқосуы өтті. Бас қосуға аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Тешебаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің аудандық филиалының төрағасы М.Сүлейменов, «Әжелер алқасының» төрайымы К.Мауленова, «Әкелер мектебінің» төрағасы Ж. Ергеш және ауданның ақсақалдарымен ақжаулықты аналары қатысты.
Пленумның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша М.Сүлейменовтың «Ардагердер ұйымы» аудандық филиалының есебі тыңдалды. Келесі мәселе бойынша К.Мауленова аудандық филиалының жанынан құрылған «Әжелер алқасының» есебін баяндады. Үшінші мәселе бойынша Ж.Ергеш «Ардагердер ұйымы» аудандық филиалының жанынан құрылған «Әкелер мектебінің» атқарған жұмыстарына тоқталды.
– Ардагерлерді ардақтаған бүгінгідей басқосуда біз ертеңгі игі ісімізді еселей түсуді көздеп отырмыз. Ауданда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуді мақсат еткен Ардагерлер орталығы заман ағымына сай, уақыт талабымен үндесе отырып қызмет етіп келеді. Сонымен қатар «Әжелер алқасы» және «Әкелер мектебінің» де ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесі аз емес, – деп Арман Абдуллаев аудан ардагерлеріне арнайы жеңілдік беретін куәліктер табыстады. Өз ретінде, куәліктер қоғамдық көлікте тегін қатынауға, ауруханаларда кезексіз дәрігер қабылдауына жазылуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Тешебаев ұйымның бірқатар мүшелерін марапаттады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/968273?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау