Ауыл аумағында арнайы техникалардың көмегімен ірі габаритті қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл шара барысында 40 тонна қоқыс шығарылып, тазалық жұмыстарына 1 жүк тиегіш және жүк тасығыш көлігі жұмылдырылды.
Аталған жұмыстар қоршаған ортаның тазалығын сақтау және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында ұйымдастырылды. Тұрғындарды қоқысты белгіленген орындарға тастауға және ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Таза орта – салауатты өмір кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/966743?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау