2025 жылғы 4 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім бөлімдері әдіскерлерінің жұмыс отырысы өткізіліп, облыстың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының ағымдағы мәселелері қаралып, 2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы жасалып, ағымдағы жылдың мақсаты мен міндеттері айқындалды.
Шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы өзгерістер туралы ақпараттар беріліп, әдістемелік орталық жанынан құрылған Мобильді топ пен озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізуге арналған облыстағы 17 Құзыреттілік орталықтарының жұмысы туралы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында тірек балабақшалардың, тірек консультациялық пункттердің және тірек мектептердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы сөз қозғалды.
Отырыс соңында Мектепке дейінгі тәрбиенің алдында тұрған өзекті мәселелерін талқылай отыра, қатысушыларға нақтылы хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/969921?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау