Су тасқыны тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көшпелі кеңес аясында әр түрлі ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері арасында Ертіс өзені арқылы жаңа көпір салу және су тасқыны қаупін азайту шаралары бойынша кездесу өтті.   

Павлодар қаласы мен Павлодар ауданы әкімдіктерінің, облыстың ТЖ департаментінің, “Қазавтожол” АҚ ҚФ, қоршаған орта мен су ресурстарын жер қойнауын пайдалану басқармасының, сондай-ақ жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының қатысуымен өткен кездесу тиімді шешімдер әзірлеуге бағытталды.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан су қоймаларынан жоспарланған су ағындарын қоса алғанда, ағымдағы гидрологиялық жағдайды талдауға ерекше назар аударылды. Бөгеттер мен басқа да инженерлік нысандар сияқты қолданыстағы қорғаныс құрылыстарын нығайту шаралары қарастырылды.

Кеңес нәтижелері бойынша нақты міндеттер тұжырымдалып, су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған жауапты органдар мен ұйымдарға тиісті ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/968848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version