ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесе, кәмелетке толмаған азаматтардың арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу, құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз  халық көп шоғырланған ойын-сауық орталықтарында жүруін анықтау бойынша рейдтік іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан ойын-сауық орындарында кәмелетке толмаған 16 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.

Сонымен қатар, қадағалаусыз және панасыз ата анасының еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 4 жасөспірімдер «Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968601?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version