ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында ағын су тапшылығын төмендету мақсатында егістік алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңбырлатып және тамшылатын суару машиналарын шығаратын зауыттар іске қосылуда.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі егістік алқаптарға су үнемдеу технологиялары ендіру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта Ордабасы ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ауданға қарасты Жеңіс ауыл округінде бақша және көкөніс егілетін 12 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілуде. Бұдан бөлек, Төрткүл ауылында 50 гектар жерге су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Бұл алқапқа мақта, жүгері егілген. Жалпы аудан бойынша тамшылату әдісімен суарылатын жердің көлемі 62 гектарды құрады.
Бұл жүйе су үнемдеуге, өнімділікті арттыруға, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/968031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version