ҰАТ қатысушыларына арналған вебинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық ұйымдастырған «ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелері мониторингінің ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинарға қатысты.

Дәріскер, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі А.Исмагулов мониторинг тетіктері, оның ішінде сотталғандарды мекемеге қабылдау және орналастыру, тамақтандыру, медициналық қамтамасыз ету, білім беру, еңбек қызметі және психологиялық қолдау тәртібі туралы ақпаратты жеткізді.

Айта кету керек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін тексеру кезінде адам құқықтарының сақталуын, мекемені ұстау шарттарының заңдылығын және жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірнеше негізгі аспектілерге назар аудару қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/968762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version