Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен әр қылмыстық іс шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар енгізіліп, олар кейіннен еңбек ұжымдарында қаралады.
Осы ретте, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Департамент басшысы Қанат Сүлейменов, Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық бөлімшелер басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиын барысында білім беру жүйесінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсынымдарды орындаудың аралық нәтижелері туралы Комитет Төрағасы баяндама жасап, тексерулер кезінде лауазымды тұлғалардың тікелей байланыстарына қатысты кемшіліктерді ерекше атап өтті.
Қатысушыларға тексерілетін субъектілер есебінен сыйлықтар, жеңілдіктер мен жол жүру шығындары, тамақтану және тұруға байланысты қызметтерді алуға заң жүзінде тыйым салынғаны хабардар етілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қаржылық бақылау, кірістері мен шығыстарын бақылау шараларын сақтамауы, оның ішінде бейресми көздерден (қарыздар және т.б.) түрлі қаржы алғаны үшін жауапкершілігі туралы еске салынды.
Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасын табады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/967582?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау