2025 жылғы 2 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, Өскемен технология және сервис колледжі базасында «Адалдық – адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Отырысқа «Саналы ұрпақ» клубтарының өкілдері мен облыс орталығының колледж студенттері қатысты.
Департаменттің Превенция басқармасының офицері Жандос Мұзтауов өз сөзінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды түсіндіру жұмыстары туралы атап өтті. Баяндамада азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелері қозғалды.
ШҚО Білім басқармасының бас маманы Гүлмира Ілиясова «Саналы ұрпақ» клубтарының өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды, конкурстарды және өзге де іс-шараларды тек қалалық және облыстық деңгейлерде ғана емес, сонымен қатар «Заң және тәртіп» нарративын ілгерілету үшін республикалық деңгейде жандандыруға шақырды.
«Саналы ұрпақ» клубтары мен Өскемен технология және сервис колледжінің өкілдері баяндамаларында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша академиялық адалдықтың маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар «Саналы ұрпақ» клубтарының жүмыс нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/968864?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау