Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылдың 3-4 сәуір күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтуде. Бұл шараға барлық өңіріміздегі облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатынасуда. Біздің ауданымыздан аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева барып қатысуда.

  Аталмыш шараның бүгінгі 3-сәуір күнгі жоспары бойынша мәслихат депутаттарына арналған секциялық сессиялар өткізілді. Секция жұмысы 4 бағытты қамтыды:

  1. Бюджеттің және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндіктерін күшейту жөніндегі шаралар туралы;
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері;
  3. Өңірлердің экономикасы;
  4. Аймақтық әлеуметтік саясат және инклюзивті қоғамды дамыту.

 

   Осы сессиялардың 2-ші және 4-ші бағыттарындағы секцияларына қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева – «Жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін Капустин-Яр әскери полигонның экологиялық зардабын тартып келеді. Оған дәлел, соңғы жылдары аудан тұрғындары арасында обыр, жүйке, қан тамыр, эндокринді жүйе сырқаттары көбейіп, әртүрлі сырқатпен ауру сәбилер дүниеге келуде. Осы көрсетілген аурулардың салдарынан көптеген жерлестеріміз көп жылғы бейнетті еңбектерінің  зейнетін көре алмай, зейнеткерлікке жасқа да жете алмай өмірден озып кетуде. Ауру жасарып, жастарымыздың арасындағы өлім артып отыр.

   Осы жағдайға байланысты, болашақта Бөкей ордасы ауданының  тұрғылықты тұрғындарының зейнеткерлікке шығу жастарын төмендету бағытында және әскери сынақтан зардап шеккен тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі арнайы бағдарламалар  жасақталады  ма?» – деген аудан тұрғындарының көкейінде жүрген күрделі мәселелердің бірін жеткізді.

  4 сәуір күні шара пленарлық сессиямен жалғасады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/969361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version