«Жерін қорғаған ұлы тұлға» атты тарихи вояж

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында қазақтың кеңестік мемлекет және партия қайраткері, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж.Ә.Тәшеновтің туғанына 110 жыл толуына орай «Жерін қорғаған ұлы тұлға» атты тарихи вояж өтті.

Студенттерге Жұмабек Ахметұлының өмірбаяны мен еңбек қызметі, ғылыми еңбектері туралы айтылып, ол туралы бейнефильм көрсетілді.

Солтүстік Қазақстанның 5 облысын біріктіру арқылы «Тың өлкесі» деген аймақ құрып Қазақ КСР-нан бөліп алу туралы Хрущевтің ұсыныстарына Жұмабек Тәшенов ашық қарсылық танытқаны үшін оның саяси мансабына кері әсері тиді.

Саяси қиындықтарға қарамастан Жұмабек Тәшенов Қазақстан тарихында терең із қалдырды. Елінің адал да берік басшысы ретінде ол қазақ халқының жадында мәңгі сақталады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/966736?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version