Жетісу облысының ономастика комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы іс шара жоспарына сәйкес Жетісу облысы әкімінің орынбасары Д. Есдәулетовтің төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты (барлығы 34 адам).

Жоспарға сәйкес жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы негізінде ономастика мәселелері, көрнекі ақпараттардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес ресімделуі бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Б. Абибеков Алакөл, Панфилов аудандарындағы зерделеу жұмыстарының нәтижесі және ономастика саласындағы өзгерістерді атап көрсетіп, алдағы міндеттерге тоқталды.

Алакөл, Панфилов аудандары әкімі орынбасарларының есептері тыңдалып, ұсыныс пікірлер айтылды.

Ұлттық құрылтай мүшесі Д. Қыдырбаева Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында ономастика саласын жетілдіру туралы айтылған мәселе жөнінде ой-пікірімен бөлісті.

Комиссия төрағасы Д. Есдәулетовтің, комиссия мүшелерінің тарапынан  идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен, көше, мемлекет меншігіндегі объектілердің атауларына талдау жүргізу, әлеуметтік шиеленісті болдырмау және алдын алу мақсатында халықтың пікірін ескере отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, көше аншлагтарын стандартқа сәйкес реттеу шараларын жүзеге асыру және т.б. тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/969550?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version