2025 жылғы 9 сәуірде халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмыс аясында Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірге «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де мониторинг жүргізді.
№2 ӘҚКО созылмалы психикалық аурулармен ауыратын балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Мониторинг барысында тәрбиеленушілердің тұру жағдайы, санитарлық ахуал, медициналық бөлімнің жұмысы, тамақтануды ұйымдастыру, сондай-ақ бос уақыт пен оңалту шаралары тексерілді.
Ерекше назар көрсету мен оқытудағы жеке көзқарасқа, дамуға және психологиялық қолдауға жағдай жасауға, сондай-ақ стационарлық мекемеде баланың құқықтарының сақталуына аударылды.
Монитроринг нәтижелері 2025 жылғы 11 сәуірде өтетін Комиссия отырысында ұсынылатын бірлескен ұсынымдар жобасында көрініс табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/974047?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау