2025 жылғы 8 сәуірде Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, су тасқыны кезеңіне орай ауданға бекітілген Руслан Жанатұлы Әміржановпен бірге «Державинск қаласындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (3-кезек)» нысанында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта екінші көтерілімдегі су тазарту станциясында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, құбыр жүйелерін қысыммен сынау жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, Державинск қаласына айналма су құбырының құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, нысан маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары да жоспарға сәйкес аяқталатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/972433?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version