4 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысының екінші күні өтті. Отырысқа Жақсы аудандық мәслихатының төрғасы А. Бралина қатысты. Пленарлық сессияның тақырыбы” Мәслихаттардың мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі рөлі “,”Мәслихаттардың тиімділігін арттыру және жергілікті органдар депутаттарының қызметін кәсібилендіру”. Модератор ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ж. Қ. Асанов сөз сөйледі, сондай-ақ кеңейтілген отырыс бағдарламасына сәйкес депутаттар мен Үкімет мүшелерінің алдында: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М. С. Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Б. Көшербаев, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Ә. А. Ерғалиев, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М.Т. Такиев М. Т., БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Вавьерниа Катаржина, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі К. А. Төлеушин, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. К. Жақыпова, “Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі” POO төрағасы Т. Т. Мұқашев, ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Астана қаласындағы басшысының м. а. Юрий Фенопетов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.С. Жолманов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Облыстық мәслихаттарының төрағалары сөз сөйледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/972118?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау