6-Өрт сөндіру бөлімінде жеке құрамға қаржылық және психологиялық сауаттылық бойынша лекция ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологі, азаматтық қорғау капитаны Садықова А.Е., бас маман құтқарушы-психолог Насырова И.Х., сондай-ақ Amanat партиясының «Қарызы жоқ қоғам» жобасының менторы мен сарапшы маманы қатысты.

Қызметкерлерге жеке бюджетті тиімді басқару, қаржылық қиындықтардан шығу жолдары және жоспарлаудың негізгі қағидалары түсіндірілді.

Іс-шараның екінші бөлігінде ТЖД психологтері суицидтің алдын алу мақсатында психодрамалық әдісті қолданып тренинг өткізді. Қатысушылар қаржылық дағдарысқа тап болған адамның өмірлік жағдайын сахналап, оның отбасы мүшелері, әріптестері, басшылығы және ішкі дауысы рөлдерін сомдады. Бұл жаттығу қиын жағдайда жүрген адамның ішкі күйзелісін тереңірек түсінуге және мұндай жағдайларды дер кезінде анықтаудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.

Қарағанды облысы ТЖД

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/974070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version