Ү.ж. 8 сәуір күні Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаттары кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі өкілдерімен бірлесіп, Кішкенекөл ауылының дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасына мониторинг жүргізді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 негізгі тауар кіреді:
ұн, нан, макарон, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және сары май, ет (сиыр, тауық), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз.
Мониторингтің мақсаты – сауда үстемесі өндірушінің босату немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15%-дан аспауын қадағалау.
Тексеру барысында “Табыс”, “Жақсы”, “Аянур” дүкендерінде азық-түлік бағалары көрсетілмегені анықталды. Бұл – сауда ережелерін бұзуда және тұтынушыларға қолайсыздық туғызады. Сауда орындарының иелеріне тиісті ескертулер берілді.
Баға мониторингі ауданның барлық елді мекендерінде тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/974284?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау