Әскери прокуратурамен азаптауға қарсы іс қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Шығыс өңірінің әскери прокуратурасы ұйымдастырған Абай өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасында «Азаптауға және тергеу мен анықтаудың басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында өткен жұмыс кездесуіне қатысты.

Іс-шараға әскери полиция және ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында адам құқықтарының бұзылуына ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар, ұсталғандарға қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жөніндегі шаралар және сотқа дейінгі тергеу кезінде заңдылықты қамтамасыз етудегі прокуратураның рөлі талқыланды.

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясын қоса алғанда, Конституция мен халықаралық міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қамауда отырған әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/974624?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version