Бүгін «Әулиеата» ауданы әкімдігі мен Тараз қаласы прокуратурасы «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында №2 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Жоспарлы кездесу аясында аудан әкімдігінің міндетін атқарушы Медет Нұрмаханов халықтың ой-пікірін тыңдады.
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте өткен жиын барысында әуелі округ инспекторы Айдос Абдуалиев атқарылған жұмыстарды баяндады.
– 2024 жылы округтегі 18 көшеге күрделі жөндеу арқылы түнгі жарық шам-дары орнатылып, Қ.Сәтпаев көшесі, №1 үйдің ауласына абаттандыру жүргізілді. Сондай-ақ «Атымтай Құрылыс» мекемесі тарапынан «Бурыл», «Қайнар» алқаптарына 2 кіші футбол алаңшасы мен шатыры бар орындықтар қойылды. Сонымен қатар «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы тұсындағы «Түйте» каналы «СенімҚұрылысСервис» ЖШС мердігерлігімен абаттанды-рылуда. Бұған қоса округтегі 16 көше орташа жөндеуден өтіп, 7 көппәтерлі тұрғын үй жаңаша кейіпке енді, – деген Айдос Сейсенбекұлы биылға жоспарланған жұмыстарды тілге тиек етті. Оның айтуы бойынша, биыл Әбдібаев, Бостан-дық, Мичурин көшелері, Красин көшесінің 5, 7-бұрылыстарындағы ауыз су құбырын жаңарту, Гамалея көшесіндегі №17, 19 үй, Б.Қойбақов көшесі, №8 үй, Жамбыл даңғылы, №18/3 үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшасын салу, Бақбергенов көшесі, Гидрокешен және Смаиылов және А.Асқаров көше-леріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ округтегі жалпы 12 көшеге түнгі жарық шамын орнату жоспарланған.
Келесі кезекте тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, өзекті мәселелерді алға тартты.
Барлық сауалды мұқият тыңдаған Медет Сәбитұлы «Әулиеата» тұрғындары-ның әрбір мәселесі ескерусіз қалмайтынын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/973965?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау