2025 жылдың 2 сәуірінде Өскемен қаласынан Мамбурова Лилия Юрьевнаның жетекшілігімен «Чудики» би ұжымының 20-дан астам баласы алғаш рет Астана қаласының опера және балет театрында «Аутизм проблемасы туралы дүниежүзілік ақпарат тарату күні» аясында қайырымдылық концертінде өнер көрсетті. Дарынды балалар күрделі диагнозға қарамастан, елорданың опера және балет театрының үлкен сахнасында көрермендерге өздерінің шығармашылық өнерлерін, билерін көрсете отырып, ата-аналарына керемет эмоция мен қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Би үйірмесінің көркемдік жетекшісі – Гиганова Анна Валерьевна 2021 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында ұлттық (халықтық) биге баулып, балалардың шығармашылық жетістігіне өз үлесін қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/974260?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау