Алматыда мүсінші Ескен Сергебаевтың көрмесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында танымал мүсінші Ескен Сергебаевтың көрмесі өтеді. Экспозицияға шебердің онға жуық қондырғылы еңбегі енген. Көрменің ашылу салтанаты 10 сәуір сағат 17:00-де Алматы қаласындағы Domingo салонында өтеді. Бұл – қаладағы мәдени ескерткіштер мен сәулет өнеріне бай тарихи мекен.

Іс-шараға коллекционерлер, көрме және музей кураторлары, өнер жанашырлары, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Ескен Сергебаевтың өзі қатысады.

Алматыда мүсіншінің еңбектері жетерлік. Атап айтсақ, Қазақ ұлттық драма театры жанындағы Мұхтар Әуезовтің мүсіні, ҚазҰУ қалашығының бас аллеясындағы Әл-Фараби ескерткіші тұрғындар арасында өте танымал. Ескен Сергебаев көрме қонақтарын қарсы алып, алғы сөз сөйлейді.

Бұл көрме — Ескен Сергебаев шығармашылығының жаңа тынысы, өнерге қайта оралуының айғағы. Ол шебердің есімін жұртшылыққа жаңа қырынан таныстырып, оның туындыларына жаңа өмір сыйлайды.

Көрме 18 сәуірге дейін жалғасады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/973501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version