Бүгін, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылуына арнайы келген Түркия және Әзірбайжан елдерінің БАҚ өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қонақтар шаһар басшысына Ақтау қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы, түркітілдес елдермен ынтымақтастығы туралы пікір алмасып, Ақтаудағы ауқымды шара жөнінде ақпарат алды.
Сонымен қатар қос мемлекеттің БАҚ өкілдері Ә. Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, қазақтың тұрмыс салты мен киіз үйі туралы пікір алмасты.
Кездесу соңында Әбілқайыр Байпақов қонақтарға жылы лебізін арнап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/971574?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау