“Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы” жобасы аясында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан төмендетіп сатылып жатыр. Оған 80 кәсіпкер қатысуда. Оның ішінде жергілікті тауар өндірушілер және көтерме жеткізушілер бар. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, ет өнімдері, сүт және шұжық, кептірілген жеміс-жидек, бал және шұбат өнімдері сатылуда.
Айта кетейік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі сағат 17:00-ге дейін жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/971602?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау