Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын күре жолының 28 шақырымдық бір бөлігі биыл аяқталмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен «Автомобиль жолдарын салу және жөндеу мәселелері» тақырыбында жиын өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс-жөндеу маусымына арналған жоспарлар туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл бірінші болып баяндама жасады.  

Айбол Данағұлдың айтуынша, өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1869 шақырым. 2024 жылдың күзінде жүргізілген кешенді бақылау қорытындысы бойынша трассалардың 84,63%-і «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп бағаланған.

 

«Бүгінгі күні өңірде жол-құрылыс жұмыстары аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын жолының 791-ден 819 шақырымға дейінгі бөлігін «Сине Мидас Строй» ЖШС қайта жаңартуға кірісті. Мердігер 2025 жылы І санатты жолдың бір жақ бөлігін толық конструкцияда аяқтап, көліктерге қозғалыс ашуды жоспарлап отыр. Осы учаскеге бөлінген сома 57 млрд. теңгені құрайды. Бюджет – республикалық», – деді А. Данағұл.

Жалпы ұзындығы 280 шақырымды құрайтын облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде биыл  орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Олар: Қандыағаш-Шалқар 110 шақырым, Ақтөбе-Орск – 96 шақырым, Ақтөбе-Орынбор – 34 шақырым, Қарабұтақ-Қостанай жолының 40 шақырымы. Сондай-ақ, ҚарабұтақҚостанай трассасында 3, Қобда-БҚО шекарасы жолында – 1 су өткізгіштер салынады. Бұдан өзге, Самара-Шымкент автожолының 1132 шақырымындағы Ырғыз көпірінің арнасын бекіту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

31 наурыздан бастап күре жолдардың шұрық-тесігін жөндеу басталды. Кешенді-нысаналы бағдарлама аясында 42 000 м2 алаңда шұңқырларды жөндеу, сондай-ақ 800 жол белгілерін орнату және ауыстыру, сигналдық және километраждық бағаналарды орнату, таңбалау және т. б. жүргізіледі.

Баяндаманы тыңдаған соң, өңір басшысы жұмысты күшейтуді және қанағаттанарлық бағалау бойыншажолдардың жай-күйін 90%-ке жеткізуді тапсырды.

«Былтыр үлкен жұмыс атқарылды. Ақтөбе мен Қандағаш арасындағы автожолды қайта жаңарту аяқталды. Биылғы жылы, әсіресе, халықтың жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған учаскелерінде қарқынды арттыру қажет. Бұл Қандыағаш-Ембі жолы, оның ішінде былтырғы еріген қар суы шайған көпір және Қобда-БҚО шекарасы арасы бар.

Жақында Көлік министрі АқтөбеҚарабұтақҰлғайсын қайта жаңарту жобасын іске асыру үшін қаражат бөлінетіні туралы жаңалықпен бөлісті. Бұл бізге тағы екі учаскеде жұмысты бастауға мүмкіндік береді. 2024 жылы құрылысты бастаған мердігердің өз учаскесінде жолды бір бағытта тапсыруы өте маңызды», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/970418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version