Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде аудан әкімі Ж.П. Құсайынның қатысуымен Аққайың ауданы Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды, оның негізгісі Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы болды.

Отырыс барысында қатысушылар мерейтойлық күнге орайластырылған іс-шараларды талқылап, ардагерлердің есімімен аталған көшелерді абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Естелік орындардың сыртқы келбетін жақсарту, ақпараттық тақтайшалар орнату, сондай-ақ жастардың қатысуымен патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, атаулы күнге дайындықты үйлестіру бойынша одан әрі қадамдар белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/974941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version