Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қостанай облысында «Ардағым ардагерім» акциясы басталды. Облыс еріктілері жалғыз тұратын ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлері мен аулаларын тазалау бойынша рейд ұйымдастырды. Бүгін акция аясында ҰОС ардагері М.И. Подоляковтың үйінде сенбілік өтті. Михаил Иванович Солтүстік-Батыс, Воронеж, Орталық, Степной, Екінші Украин Курск, майдандарында шайқасып, Корсун-Шевченков операциясы мен Украинаның оң жағалауын азат етуге қатысты. Жауынгерлік ерлігі үшін 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске үлес қосқан ағаларымыздың өмірін жастарға үлгі етіп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Өскелең ұрпақтың майдангерлермен рухани байланыста болуы өте маңызды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Отан қорғаушылар туралы естелік еліміздің барлық аумағындағы мыңдаған мемориалдарда, әскери қабірлер мен ескерткіштерде сақталған. Обелисктер мен бауырлас қабірлердің орналасқан жерлерді тазарту – ұрпақтың абыройлы борышы, марқұмдардың рухына, олардың ерлігіне жасалатын тағзым. Бүгін Қостанай қаласының қалалық зиратында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жерленген орындарын абаттандыруға арналған патриоттық іс-шара өтті. Жастар ресурстық орталығының белсенділері Ұлы Отан соғысы сарбаздарының әскери қабірін ретке келтіріп, ескерткіш аумағын қоқыстан тазартты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/971163?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау