Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінің тігін цехтарында жедел жәрдем қызметкерлеріне форма жиынтығы тігетін болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарында өндірілетін тауарларды мемлекеттік ұйымдардың сатып алуы арқылы сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы мен «Еңбек» РМК арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалды.

Бұл келісімге сәйкес Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінің тігін цехтарында сотталғандар жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған 740 жазғы форма жиынтығын тігетін болады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, сондай-ақ облыс бойынша басқа да мемлекеттік кәсіпорындар үшін осындай тапсырыстар жоспарланған.

 

#Заң_мен_тәртіп

Прокуратура Акмолинской области

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/973607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version