«Бақыт гүлін терген күн!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кривинка ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бақыт гүлін терген күн!» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Бұл шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары белсене қатысты.  Кітапханашы шара барысында соғыс жылдары мен Ұлы Жеңістің маңызы туралы құнды ақпаратпен бөлісіп, оқырмандарға сол кезеңнің ауыртпалығы мен батырларымыздың ерліктері туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, кітап көрмесі арқылы соғыс тақырыбындағы әдебиеттер мен естеліктерді таныстырды. Кітап көрмесі соғыс кезіндегі халықтың жанқиярлық ерліктері мен Жеңіске қосқан үлестерін еске салатын құнды деректермен толықтырылды.  Шара барысында мектеп оқушылары да белсенділік танытып, өздерінің көркем туындыларымен ұлы Жеңіске деген құрметтерін білдірді. Олар салған суреттерде бейбіт өмір мен Жеңістің мәнін, ерліктің символын бейнеледі. Бұл шара жастарға батырлық пен отансүйгіштік рухын сіңіріп, Ұлы Жеңістің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.  

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/972171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version