Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде сағат 19:30-да «Qarabulak Gold» ЖШС карьерде жарылыс жұмыстарын жүргізді.
Аталған жағдайға байланысты бүгін қала әкімінің төрағалығымен жедел жиналыс өтті. Жиынға Ақсу ауылының әкімі, қалалық полиция басқармасының бастығы, төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, қалалық мәслихаттың төрағасы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы және кәсіпорынның басшысы қатысты.
Жиналыс барысында қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу бағытында нақты тапсырмалар берді. Тиісті органдар тапсырмаларға сәйкес жұмыс жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/971272?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау